Өтеген Өтеғұлұлы (1699-1773) Өмірі мен ісі

23-09-2019, 22:43

Өтеген 1699 жылы Шу өзенінің саласындағы Хантауының оңжақ шығысындағы Изенді деген жерде (сайда) туған. (Қазіргі Жамбыл облысы, Көктерек ауданының шығысжақ шеті.)

Өтегеннің әкесі Өтеғұл Сырымбеттің үлкен баласы. Өтеғұл  ойрат (қалмақ) шабуылына қарсы аянбай күрескен  батырдың бірі. 1635 жылы Әз-Жәңгір азғана қолмен ойраттың ханы Батырдың 50 мың қолына соққы берген ұрысқа қатысып, қол басқарған адам.

Өтеғұлдың Өтеп, Аңдақұл, Тәңірқұл, Жылқайдар деген інілері болған. Олардың ішінде Өтеғұлға серік болып ерлік істегені Өтеп пен Аюса. Қалғандары, оның ішінде шаруашылықты басқарған Жылқайдар болған.

Өтеғұлдың екі әйелі болған. Оның үлкені Жарқыннан 4 ұлы болды (Қалымбет, Нұрымбет, Нұрлыбек, Нұрқожа). 

Ал екінші әйелі Нұрбаладан Байбол, Жанбол деген екі ұлы болды.

Өтеғұл елудің ішіндегі кезінде немересі, балалары бәрі он- онекі болады. Бірақ оба деген ауыру кездесіп, олардың бәрі өліп, Өтеғұл мен Нұрбала екеуі ғана қалады.

Мұның артынан көп ұзамай Нұрбала ұл табады. «Бала туғанда барлық Жаныс жиналыпты. Келгендердің бәрі Өтеғұлға «қойшысының бауы берік болсын» айтқан екен. Ал артын ала Жанысбай деген тоқсандағы қария: -Өтеғұл батырдың бауы берік болсын, атын кім қойдың?-депті. Өтеғұл «атын әлі қойғанымыз жоқ» дегенде Жанысбай орнынан тұрып: «Енді батырым өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын» депті.

Бөлісу:
up