Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Жұмақан Қожамқұловтың "Мүйізді Өтегеннің -мүйізді ұрпағы" атты тарихи- публицистикалық шығармасы жарық көрді.

27-09-2019, 16:26
Батыр бабамыз Өтеген Өтеғұлұлының 320 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Жұмақан Қожамқұловтың "Мүйізді Өтегеннің -мүйізді ұрпағы" атты тарихи- публицистикалық шығармасы жарық көрді. Кітапта Өтеген батырдың тікелей ұрпағы, абыз ақсақал, соғыс және еңбек ардагері Өмірқұл Құлшықовтың өмірі мен елге атқарған адал қызметі туралы баяндалады.

Осынау өнегелі істі қолдап, қаржылай демеушілік жасаған Өмірқұл Құлшықовтың ұлы Дәулеткелді Құлшықов.
Айта кетейік, кітап Алматыдағы "Нұрлы әлем" баспасынан шыққан, көлемі 300 бет.


Мухаммед ӘМІРЖАН, 
Алматы қалалық N180 ЖББМ  
оқушысы

Бөлісу:
up