Өтегенұлы Тарпанға белгі тас қойылды

23-08-2019, 20:56



Құдай бұйырса бүгін, менің қаны бір, жаны бір, руһы бір, туған бауырларым-ауылдастарым  Алматы облысына барып, қадір- шапағатыңнан айналайын баһадүр бабам ӨТЕГЕННІҢ кенже ұлы ТАРПАҢ атамның жатқан жеріне, осынау күндердің ерекше мейірімдісі -қасиетті жұмада белгі тас қойып, мал құдайы- ас, берейін деп жатыр. 


Өтеген бабам Төле бидің арнайы тапсырмасымен он жеті жыл жер аралап, жиһан кезіп кетерде, жүкті әйеліне: "Қыз тусаң өзің  біл, ұл тусаң атын ТАРПАҢ қой" деп аманаттаған Тарпаң атам шындығында да өте ерекше жаратылған ұрпақ болыпты. Әкесімен бірге ел ішінде сыйлы, дауды әділ шешетін, елшілік қабілеті өрлеп тұрған азамат екен, деп апам марқұм бала күнімде жиі айтатын. Тарпаң батыр туралы тарихи кітаптарда, мұрағаттарда біраз мәліметтер бар.

Өтегеннің Абылайханнан сыйға алған шұбар тегенесін, боз үйінің жақтауын шаңырағында көзінің қарашығындай сақтаған Тарпаң атам туралы алдағы уақытта жазамын. 

Иманға бас ұрған барша мұсылман бауырлар, бірлігі жарасқан ауылдас-бауырларым, ниет, дұғаларыңыз қабыл болсын!!!

Өлі разы болмай, тірі байымайды, дейтін қазақтың тұяқтарымыз ғой, қадамдарыңыз сауаптан болғай!!! Екі дүниенің нығметін көріңіздер!!!

Бөлісу:
up