Мейбукан годзю-рю каратэ-додан Қазақстанның ашық Чемпионаты өтті

25-03-2019, 14:25
23-24 наурыз аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мейбукан годзю-рю каратэ-до Федерациясының ұйымдастыруымен осынау спорт түрінен Қазақстанның ашық Чемпионаты өтті.


Еліміздің әр түкпірінен келген командалардың арасындағы байрақты бәсекеде Абай Айдарбек шәкірттері оқ бойы озық шығып жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, ЗАМАДУН НҰРСӘТ ЕРБОЛҰЛЫ 2-ОРЫН, ОРАЗБЕК БЕЙБАРЫС САМАТҰЛЫ 2-ОРЫН, КЕРІМБАЙ НҰРНАЗАР ӨМІРБЕКҰЛЫ 3-ОРЫН, 
НҰРЖАН НҰРДОС ЕРБОЛҰЛЫ 3-ОРЫН алып, Өтеген батыр ауылының қоржынына тағы 2 күміс, 3 қола медаль түсті.
Жеңіс құтты болсын, Өтегендік өрендер!

Балаларды спортқа баулып, өнеге көрсетіп жүрген Абай ұстазымызға айрықша алғыс айтып, қажымас қайрат, таудай талап тілейміз!

Мухаммед ӘМІРЖАН, 
Алматы қалалық N180 ЖББМ  
оқушысы
Бөлісу:
up