Өтеген Өтеғұлұлының 320 жылдығына орай ас берілді

29-09-2019, 16:11
Бүгінгі күн де тарих беттеріне алтын әріптермен жазылып қалды.


Өтеген ауылында Өтеген Өтеғұлұлының 320 жылдығына орай арнайы ас беріліп, баба әруағына бағышталып Құран аяттары оқытылды. 
Аудандық Мәдениет үйінде өткен ғылыми практикалық конференцияға  Марал Ысқақбай, Мүсілім Дайырбек бастаған және т.б. қазақтың маңғаз- марқасқалары жиналды.

Ғылыми жиында  "Мүйізді Өтегеннің мүйізді ұрпағы" атты кітаптың тұсаукесері болды. 
Осынау игі істердің барлығы ауыл азаматтарының ауызбіршілігі, ұйымшылдығы арқасында жүзеге асты. 

Сонымен қатар заманауи технологиялардың қарыштап тұрған шағында, интернет кеңістігінде Өтеген батырдың есімін әйгілеп, арнайы сайт ашылды. Сайтта Өтеген батырдың өмірі мен ерлік жолына қатысты материалдар жарық көреді. 
Мухаммед ӘМІРЖАН, 
Алматы қалалық N180 ЖББМ  
оқушысы




Бөлісу:
up