Өтеген батыр ауылының жас өнерпазы халықаралық конкурста жеңімпаз атанды!

30-03-2019, 10:21

Осы жылдың 25-28 наурызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар сарайында XIII халықаралық "Ақ көгершін" балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өтті. 
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен өткен XIII халықаралық "Ақ көгершін" балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында Өтеген ауылының жас өнерпазы Нұрайлым САҒЫН І- орынды жеңіп алды.

Әділқазылар алқасының шешімімен Нұрайлым Сағын "Үздік әнші" (диплом және медаль), ал оның ұстазы Бронислав Бугинас "Үздік ұстаз" дипломымен марапатталды.

Халықаралық байқаудың ұйымдастырушысы: ҚР "Ақ көгершін" Балалар қоры

Жеңісің құтты болсын, НҰРАЙЛЫМ!
Мухаммед ӘМІРЖАН, 
Алматы қалалық N180 ЖББМ  
оқушысы


Бөлісу:
up