КТК телеарнасының тілшісі Гүлмира Әбіқай "Жылдың үздік тележүргізушісі" атанды

20-11-2019, 23:00
КТК телеарнасының тілшісі, танымал журналист Гүлмира Болатқызы Әбіқай "Халықтың сүйіктісі" ұлттық жобасында жеңіске жетті. Ол "Жылдың үздік тележүргізушісі" атағына ие болды.

Бұл туралы Гүлмира Әбіқай Фейсбук әлеуметтік желісінде, сан- мыңдаған оқырмандарына ризашылығын білдіріп:

"Ал, барша мені қолдаған ағайын, көрермен, оқырман????
Тілекші болғандарыңызға мың алғыс????
Сонаау Исландиядан сенатордың құттықтауымен күн басталды, Кореядағы көрермен, Түркия, Дания, Франция, Германия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Ресейден дауыс берген көрермен өз тілегін жеткізіпті.
Арысы Атыраудың Құрманғазы ауданы, берісі Семей, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қордай, Астана, Тараз... сынды барлық өңірден игі тілектер қарша борауда.
4 маусым шапқылап, әлеуметтік тақырыптың бел ортасында жүрген журналист қыздың еңбегін бағалап
#халықтыңсүйіктісі атағын әпердіңіздер????
Барша мені қолдаған, тілекші болған, электрондық поштасын баяғыда ұмытып қалып Сіз үшін қайтадан аштым деп күлдірткен бір сөзбен #гүлмираәбіқай дауыс берген жандарға мың алғыс!!!
Сіздердің де алдағы күндер жеңіске толы болсын, бастысы өмірде дау болмасын????????????",- деп жазады.

Біз де өз тарапымыздан Гүлмира Болатқызы Әбіқайды осынау толайым табысымен шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық жетістіктер тілейміз!











Бөлісу:
up