Мүйізді Өтегеннің мүйізді ұрпағы

4-07-2020, 18:06

Мүйізді Өтеген батырдың бір ұрпағы Өмірқұл Құлшықов Мүйізді Өтеген батырдың бір ұрпағы Өмірқұл Құлшықов кешегі екінші дүние жүзілік соғысқа қатысып, жеңіспен елге оралған соң қазіргі "Өтеген батыр" бұрынғы "Кеңес" колхозында еңбек етіп, шаңырақ көтеріп ұл - қыз өсіріп өмір сүрді. Алланың түсірген құдреті шығар 1973 жылы тікелей бабасы Өтеғұлұлы Өтегеннің сүйегін  Қордай жеріне көшіріп əкелу жауапты шаруасын ұйымдастыру Өмірқұл көкеміздің маңдайына жазылыпты. Батырдың Қордайда тұратын алты баласынан тараған ұрпақтары атынан атқарылған бұл миссия асқан жауапкершілікпен ыждахаттылықты талап еткені белгілі. Баба аруағының алдындағы жауапты шаруаны сол сапарға аттанған азаматтар аброймен орындап 1973 жылы 20 маусымда Өтеген ауылы маңындағы қорымның биік төбесіне арулап қайта жерлейді. Мүйізді Өтеген батыр аруағына бағышталып аудан көлемінде үлкен ас берілді. Осы қиын да, жауапты шаруа басында болған ақсақалдардың барлығы бүгін де бақыйлық болған. Осындай шетін шаруаның басы қасында болып, алғашқылардың бірі болып баба сүйегін туған жеріне əкелуге бастамашы болған, Ұлы Отан соғысының ардагері, жеңіс күнін Берлинде қарсы алған, кейін елдің тыныс - тірлігіне аянбай ат салысқан Өмірқұл Құлшықовты ұрпақ жадында қалдыру мақсатында Өтеген ауылының азаматтары бір көшені ардагер атаның атына беруге ұсыныс жасап жатыр екен. Несі бар толық қолдауға  тұрарлық мəселе. Өтгендей батыр рухын оятқан батыр ақсақалға қандай құрмет көрсетседе жарасады. Қолдау көрсетейік батыр бабаның ел жұрты.



Бөлісу:
up