Төле бидің тарихы

2-09-2019, 22:01



Қазанғап Байболұлы

Төле бидің тарихы

(дастаннан үзінді)

Төле биге келелі.

Сарттың ұлы Қойкелді.

Өтеген батыр ішінде,

Бала жігіт күні еді...

Адамның жоқ есебі.

Сиыса алмай нешеуі,

Бастады сөз Төле би:

-Бәле болды қазаққа, 

Үлескен енші кезегі.

Бірігіп ел боп тұра алмай,

Қалмақ көшін көрісті.

Орта жүз бен Кіші жүз, 

Алысқа ұзап бұл кетті.

Ел болдық сор бір істі,

Балалардың қамын ойлайық.

Сіз бенен біз әлбеткі...

Төледен қалған бір сөз деп,

Балалар көрер түбінде.

Абылай хан түрі осы,

Қолында жүрсе шылбыры.

Елді қосар еліне.

Тарқалған мұның ұрпағы,

Бұл да тартар зіліне.

Тәуке ханнан айырылып,

Бар екен көз көруге.

Үш жүз болып қоймайды,

Уайым жоқ еді келуге.

Ойлай-ойлай ел қамын,

Әй, азапты көрдім де.

Ендігі сөздің қысқасы,

Жайлы жер, сірә, бар ма екен.

Ұлы жүзге қоныс беруге

Дүниенің жүзінде?

Бөлісу:
up