Қалмақ, қалмақты ептеп алмақ...

3-09-2019, 22:02


Абылай хан, Өтеген батыр Ұлытаудың бөктерінде аң аулап жүріп, бір сайға келіп аз-кем аялдап, демалуға отырады. Қапысыз отырған хан мен батырдың үстіне жаудың қалың қолы кездейсоқ тап болып, екеуін қалмақтар байлап әкетеді. Қалмақтың ханы екеуін зынданға салып тастайды. 

Өтеген мен Абылайдың қолға түскенін естіген Төле би батырларды бастап, 30 мың қалмақтың ордасын қамапты. Қалмақтың ханы Қалдан Церен зәре-құты қалмай қорқып: «Би ашуланбасын, сөйлесейік, келісейік», - деп кісісін жіберіпті. 

Бөлісу:
up