Атадан балаға мұра болып келе жатқан Өтеген батырдың-Мүйізді атамыздың шұбар тегенесі тарихтың тылсым түпкірінен көп сыр шертеді. Кезінде ұлы тұлға туралы көп зерттеп, көп деректер қалдырған Әділ Ділебаев атамыздың шұбар тегене жайлы көп әңгімелегені барды. Ол кісінің әңгімесінен бір түйгенім, Өтеген батыр мен Абылай ханның аралас-құралас, ниеттес, көңіл қимас достар болғандығы.
Сонда Әдекең былай деген еді:
- Мүйізді атамның кенже ұлы Тарпаңның Әбжекең баласы аталатын бір атасынан өсіп-өнген Жолдасбай Толымбекұлы сексен бір жасқа келіп, 1972 жылы қайтыс болды. шұбар тегене осы уақытқа дейін сол кісінің үйінде сақталып келді.