Өтеген батыр қайда болса, біз сондамыз...

9-09-2019, 22:23


         Жаныстың үлкен әйелінен үш бала – Жанту, Жантан, Жарылқамыс дүниеге келген. Жарылқамыстар, Жантандар Төле би Ташкентке билік жасап тұрған кезде-ақ осы күнгі Жетісу жағына қоныс аударады. Жарылқамыс пен Жантанның лақап аты – Қасқарау. Осы күнге дейін олар өздерін Қасқараудан тараймыз дейді. Жамбыл Жабаев өмір бақи жарлап өткен атақты Өтеген батыр Жарылқамыстан тарайды. 


         Міне, осы Қасқараулар Ташкентте, оның маңында, бері қарай Шыршық, Ангрен, мына жағы Шыршықты бойлай, енді бір шеті Қазығұрт тауына дейінгі жерді, Өгем бойын иемденіп, билеп-төстеп тұрған заманда Жаныстардың бірқатары Төленің буына асқынып, әдепсіздік көрсете бастайды. Соның бірі Әлібектің бәйбішесінен туған Шора Қасқараулардың Байғазы деген кісісімен – ағасы іспеттес үлкен адаммен бір тай үшін таласа кетеді. Байғазы ұзын сақалды, ашуы қатты кісі еді. Шора Байғазының белуарына түсетін сақалынан ұстап, қалжың-шыны аралас бейбастық көрсетеді. Мұның соңы егес, ауыр сөзге ұласады. Ойыннан от шықтының кері келеді. 

Бөлісу:
up