Музыкасын жазған: Жоламан Тұрсынбаев
Сөзін жазған: Кәмшат Қожамбердиева
І.
Қиын қыстау күн туып,
Жоңғар бүлік салғанда.
Үйіріндей сайғақтың,
Үркіп елім ауғанда.
Ата-қоныс мекенім,
Жау қолында қалғанда.
Етігімен су кешкен,
Ұйқысыз сол таңдарда.
Айдаһардай ақырып,
«Ақтабан» жұт келгенде.
Тамшы суға зар болып,
Құлазыған шөлдерде
Кәрі-жасы, баласы
Жанап түзде өлгенде.
Қорқаулары қалмақтың,
Қара бұлттай төнгенде.
Жаңбырдайын төгілген,
Жасты Аллам көреді.
Тілегіне халықтың,
Батыр ұлын береді.
Жетісудың қойнында,
Шу өзені бойында
Асыл туған арыстан,
Өтегендей ер еді.