Ұлы жүздің Шанышқылы руында Бердіқожа деген батыр болады.
Ол өзінің жалғыз ұлына Тауасардың баласы \Тауасар – Өтеғұлдың інісі Өтептің баласы\ Малдыбай бидің қызын алып беру ниетімен Малдыбай ауылына құда түсіп келеді. Малдыбай Бердіқожаны жолдас-жораларымен күтіп, сый-сияпатын көрсетеді. Таңертең ертелеп Өтегенмен ақылдасуға келеді. Малдыбай Бердіқожаның құда түсіп келгенін айтып, ағасынан ақыл сұрайды.
Өтеген Малдыбайға: «Менің ақылымды тыңдасаң, қызыңды Бердіқожаның баласына берме», - дейді.