Өтегеннің араша түсуі

16-09-2019, 22:37

Бірде Қыстаубай деген кедей адам Қоңырдағы дауын шештіру үшін Абылайға келеді. Абылай Қыстаубайды тыңдап болған соң: 


- Бұл дауыңды шешсем маған не бересің? – деп сұрайды. 

         Қыстаубай: «Тақсыр, менің сіз алуға жарайтын нем бар дейсіз?» - дейді.

         Абылай: «Сенің он төртке келген бойжеткен қызың бар. Сол қызыңды Ақбердіге бересің, ол елуге жаңа шықты, өзі бай, басының тазы жазылмай жүргені болмаса, қызыңа лайық адам емес пе?» - дейді. 

Бөлісу:
up