Бірде бес-алты жігіт жолаушылап келе жатып, жолда бір үйге тоқтайды. Үй иесі оларды жақсы қарсы алып, аттарына жем салып, өздеріне ет асады. Содан анау-мынау шаруасын жайғап келген соң өзі де асқа отырады. Аспаз оның алдына бір тегене сорпа әкеп қояды. Үй иесі оны ішіп алып тағы сұрайды. Сқйтіп, ол бір өзі жиырма адам ішетін тамақты тауысып жейді. Мұны көрген қонақтар таң қалып, мән-жайын сұрайды.
- Мен де өздерің секілді, елдің ішкенін ішіп, жегенін жейтінмін. Бірақ алдыма қайткенде де баюды мақсат етіп қойған едім. Артық ақша шығармауға, артық дүние шашпауға тырыстым. Сол сарандығымнан осындай бәлеге душар болдым ғой, - деп бастайды әңгімесін әлгі кісі.