Өтегеннің жер қарауы

18-09-2019, 22:38


         Өтеген халықтың жоғын жоқтап, еліне құтты мекен, жайлы қоныс іздеп жер-дүниені кезген жиһангер. Қасына қырық жігітті ертіп, Орта Азияны жалпақ кезіп, орыс патшасы сұраған елді де көріпті. Әр жердің топырағын қоржынына теңдеп, алып жүреді екен. ақырында төрт түлік малға да, елге де жайлы Жиделібайсын деген жерді ұнатыпты. Ол аймақ тек жылқы малына ғана жайсыз екен. 


         Өтеген батыр еліне келген соң халқына жау аяғы жетпейтін, патшаның билігі өтпейтін жаңа қоныс тапқанын айтып, егер көпшілік қарсы болмаса сол жаққа көшейік, Алатаудың жері малға жайлы болғанымен, жүре-жүре өрісіміз тарылады, алдымыздағы жылдарда қыс қатты болып, жұтқа ұрынамыз, ел аштық, жоқшылық көреді дейді. 

Бөлісу:
up