Өтеген батырдың жалғыз қызы Мақпал тұрмысқа шығар алдында құда түскен жігіті қайтыс болып, қайнысы өсіп-жетілгенше бірер жыл үйде отырып қалыпты. Сонан қайын-жұрты келінді алып кетуге келгенде ұзатылып бара жатқан қызын Өтеген батыр шақырып алып:
- Балам, құдай қалап, құтты орныңа қонбақсың, жасауыңнан бөлек осы үйден не қалайсың, көңіліңе жаққаныңды ала ғой, - депті.
Сонымен Мақпал ұзатылып кеткен соң, бірнеше күннен кейін Өтеген бәйбішесінен қызының не таңдағанын сұрапты.
Бәйбішесі:
- Мақпалжан алтын-күміс, асыл тастарды, қымбат та бағалы заттарды емес, сенің ескі тақияңды ұнатты ғой, - дейді.