Бір жылдың тамыз айында Өтеген өз руластарын жинап алып, қыстың қатты, малға жайсыз болатындығын айтып, малға жайлы жерге қоныс аударуға шақырады. Ауылдың қариялары: «Өтеген біліп айтады, малдарыңды айдап, Өтегенге ілесіңдер» деп балаларын Өтегеннің көшіне қосады.
Жолда олар бірнеше ауылды басып өтеді. Өтеген ол ауылдың адамдарына да: «Биыл жұт болады, мұнда қалмаңдар, малдарыңды бірге айдаңдар, малды жұттан аман шығарып, көктемде қайта көшіп келеміз», - дейді. Алайда біраз адамдар Өтегенге ілеспей қалып қояды.