Өтегеннің түс жоруы

22-09-2019, 22:43


         Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып отырса, Айыртаудан Көкшетауға Өтеген батыр келе қалған екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп:

       

  - Оу, бұл кімнің үйі? – депті.

         Хан сарайын танымай жүрген бұл қандай қисық деп ойлап, таяқшы:

         - Не іздеп жүрсің, кім керек? – дейді. 

         - Алпыс атаным бар еді, ішінде ақ бас бурасы бар еді, соны жоғалтып іздеп келем, - депті Өтеген батыр. Мұны естіген Абылай хан:

         - Мынау Құбыл екен ғой, - деп оң жағына отырғызып алып, түсін айтады. \Өтегенді жақындары Құбыл дейді екен.\

Бөлісу:
up