Наурыз, көктемгі күн мен түннің теңесу күні- жаңа жылдың басы ретінде бүкіл әлемде 300 миллионнан астам тұрғын атап өтеді. Балканда, Таяу Шығыста, Кавказда, Орталық Азияда, Қара теңіз бассейнінде және басқа да өңірлерде 3000 жылдан астам уақыт тойланып келеді.
Наурыз өзара құрмет пен бейбітшілік пен тату көршілік идеалдары негізінде халықтар арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Наурыз мейрамын өткізудің дәстүр- салттары адамзат құндылықтарымен өзара алмасу контекстінде кең таралған Шығыс пен Батыс өркениеттерінің мәдени және ежелгі әдет-ғұрыптарын бейнелейді.
Наурызды мерекелеу өмірді табиғатпен үйлесімде бекітуді, жасампаз еңбек пен жаңарудың табиғи циклдары арасындағы тығыз байланысты түсінуді және өмірдің табиғи көздеріне қамқорлық пен құрметпен қарауды білдіреді.
«Халықаралық Наурыз күні» деп аталатын А/64/L.30 Қарардың жобасы Бас Ассамблеяның 64-ші сессиясында Әзірбайжан, Албания, Ауғанстан, бұрынғы Югославия республикасы Македония, Үндістан, Иран (Ислам Республикасы), Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия мемлекеттерінің атынан қарастыруға ұсынылған.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2010 жылғы 23 ақпандағы 71-ші пленарлық отырысында ЮНЕСКО-ның 2009 жылғы 30 қыркүйектегі Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне Наурызды енгізу туралы шешімін қолдаған.
Наурыз мейрамын Қазақстан халқы 21-23 наурыз аралығында атап өтеді.
Ұлыс оң, ақ мол болсын!!! Наурыз құтты болсын!!!
Дайындаған: Мухаммед ӘМІРЖАН,
Алматы қалалық N180 ЖББМ
оқушысы