Алматы қаласында өткен "Аялы алақаны анамның" атты республикалық көркемсөз, ән-күй, би және шығармашылық жұмыстар байқауында "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша сынға қатысып, ұлттық өнерімізің беделін көтеріп, шығармашылық ізденісте өзіндік ерекше дарындылығымен көрінгені үшін Дінмұхаммед Өмірқұл немересі І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республиканың әр қиырынан жарысқа қатысқан өрендердің ішінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан, ерекше өнерімен танылған Дінмұхаммедті осынау толағай табысымен құттықтаймыз.
Өнерің өрге жүзсін, Димаш!