Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып отырса, Айыртаудан Көкшетауға Өтеген батыр келе қалған екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп: ...
Бір жылдың тамыз айында Өтеген өз руластарын жинап алып, қыстың қатты, малға жайсыз болатындығын айтып, малға жайлы жерге қоныс аударуға шақырады. Ауылдың қариялары: «Өтеген біліп айтады, малдарыңды айдап, Өтегенге ілесіңдер» деп балаларын Өтегеннің көшіне қосады. ...
Өтеген батырдың жалғыз қызы Мақпал тұрмысқа шығар алдында құда түскен жігіті қайтыс болып, қайнысы өсіп-жетілгенше бірер жыл үйде отырып қалыпты. Сонан қайын-жұрты келінді алып кетуге келгенде ұзатылып бара жатқан қызын Өтеген батыр шақырып алып:...
Өтеген халықтың жоғын жоқтап, еліне құтты мекен, жайлы қоныс іздеп жер-дүниені кезген жиһангер. Қасына қырық жігітті ертіп, Орта Азияны жалпақ кезіп, орыс патшасы сұраған елді де көріпті. Әр жердің топырағын қоржынына теңдеп, алып жүреді екен. ақырында төрт түлік малға да,...
Бірде бес-алты жігіт жолаушылап келе жатып, жолда бір үйге тоқтайды. Үй иесі оларды жақсы қарсы алып, аттарына жем салып, өздеріне ет асады. Содан анау-мынау шаруасын жайғап келген соң өзі де асқа отырады. Аспаз оның алдына бір тегене сорпа әкеп қояды. Үй иесі оны ішіп алып...
Бірде Қыстаубай деген кедей адам Қоңырдағы дауын шештіру үшін Абылайға келеді. Абылай Қыстаубайды тыңдап болған соң: ...
Ұлы жүздің Шанышқылы руында Бердіқожа деген батыр болады....
Өтеген бірде ел аралап жүріп өзі қатарлас Әжібай деген бір жолдасының үйіне қонаққа келеді. Әжібайдың өзі үйінде жоқ екен, әйелі Өтегенді құрметтеп күтіп, мал сойып, сый-сияпатын жасайды. Әйел қонаққа қам жасап, ас-су дайындап жүргенде тұлымы желбіреген үш-төрт жасар бала...
Өтегеннің әкесі Өтеғұл елу бес жасқа келгенде, азамат болып, ер жетіп отырған он екі ұлы оба ауруынан қайтыс болыпты. Он екі ұлынан бірдей айырылған Өтеғұл күндіз-түні жылаудан көз ашпапты. Сөйтіп қан жылап жүргенінде Өтеғұлдың түсіне бір ақ сақалды шал кіріп:...
Музыкасын жазған: Жоламан Тұрсынбаев Сөзін жазған: Кәмшат Қожамбердиева І. Қиын қыстау күн туып, Жоңғар бүлік салғанда. Үйіріндей сайғақтың, Үркіп елім ауғанда....
–екомендуем посетить сайт newprogs.net с софтом
up